Атырау, 21 маусым 13:05
 бұлттыВ Атырау +21
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Байқоңыр 2013 жылы әлемдегі ең көп ұшырылым жасаған ғарыш айлағы атанды

8 482 рет қаралды
Байқоңыр ғарыш айлағы әлемнің ең көп пайдаланылатын айлақ атағын тағы да иеленіп отыр. Былтыр бұл жерден 23 зымыран тасығыш ұшырылған. Бұл туралы Роскосмос хабарлады.
Байқоңырда өткен жылы «Союз-ТМА» және «Прогресс-М» кемесімен 11 рет «Союз» зымыраны ұшырылды. Сонымен қатар «Протон» зымыран тасығышы 10 мәрте ашық ғарыш кеңістігіне көтерілді және «Зенит» пен «Стрела» зымырандары бір-бір реттен ұшырылым жасалды.
Осылайша, Байқоңыр ұшырылым саны бойынша әлемде бірінші орын иеленді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

20 қаңтар 2014, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.