Атырау, 27 маусым 01:36
 дождьВ Атырау +25.3
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Қазақстан мен Израиль әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды

2 728 рет қаралды

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Израиль мемлекетіне ресми сапармен келді деп хабарлайды Қазақстанның қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Тель-Авивте Қазақстан мен Израиль қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі өтеді. Әділбек Жақсыбеков пен Моше Яалон кездесу барысында екі елдің әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын болады. Сапар шеңберінде Қазақстан мен Израиль үкіметтері арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Иерусалимде Қазақстан Қорғаныс министрінің Израиль мемлекетінің Президенті Шимон Переспен кездесуі жоспарланған.

Сапар барысында ҚР Қорғаныс министрі бастаған қазақстандық әскери делегация Израильдің бірқатар жетекші қорғаныс кәсіпорындарында болады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА. 

20 қаңтар 2014, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.