Атырау, 19 мамыр 11:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақ қызы Australian Open турнирінің сенсациясы атанды

1 779 просмотра
«Үлкен дулыға» турнирінің үшінші айналымына алғаш рет шығып отырған қазақстандық теннисші Зарина Дияс Sports.ru порталының бағалауы бойынша аталмыш доданың жаңалығы деп танылды. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлап отыр.

Басылымның жазуынша, 20 жасар қазақ қызы Мельбурнде теннистен өтіп жатқан Аустралияның Ашық чемпионатында спорт әлемі үшін үлкен сенсацияға айналды. Бұрын З.Дияс турнирдің біліктілік кезеңінен өте алмаушы еді. Ал қазір ол 1/16 финалға өтіп отыр.

Еске сала кетейік, Australian Open додасының біліктілік сайысынан сәтті өткен З.Дияс бірінші айналымда чехиялық Катерина Синякованы, екінші айналымда Марина Эраковичті жеңген болатын.

Ертең, 18 қаңтар күні жерлесіміз әлемнің 11-ракеткасы 22 жасар румыниялық спортшы Симона Халеппен кездесу өткізеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

17 қаңтар 2014, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.