Бангкокта қазақстандық туристерге «қауырт желі» ашылды
1 933 просмотра
Бангкокта қазақстандық туристерге арналған «қауырт желі» ашылды, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.
«ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туризм индустриясы комитеті қазақстандық туроператорлар мен турагенттерге Таиланд астанасы Бангкокта туристік өнімдерді іске асыру туралы келісімшартқа отырған немесе жоспарлап жүрген қазақстандық туристерді міндетті түрде қаладағы жағдай туралы құлақтандырып отыруды ұсынады», - делінген хабарламада.
ҚР СІМ ақпараты бойынша, қандай да бір ойламаған жағдай болып қалса, қазақстандық туристер Таиландтағы ҚР Елшілігіне мына «қауырт желі» нөмері арқалы хабарласа алады: +66-85-222-3756, +66-2254-3043.