"Протоннан" келген залал үшін Ресей қанша қаржы төлейді? Бұл сауалдың жауабы әзірге беймәлім. Қазақстан әлі де Ресейдің Қызылорда облысындағы экологиялық апаттың нақты сомасын белгілеуін күтіп отыр.
Мұндай мәлімдемені Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров алға тартты.
2 шілде күні Байқоңырдан ұшырылған "Протон" зымыран тасығышы көкке көтеріле бергенде жарылған болатын. Салдарынан зымырандағы жүздеген тонна улы гептил жерге төгілген.
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігі апаттан келген зардаптың көлемін есептеп шығарды. Ол бойынша, зиянның мөлшері 90 миллион долларды құрады.
Бірақ теріскей көршілеріміз мұны мойындағысы жоқ.
"Әзірге Ресей тарапынан жауап күтудеміз. Аракідік хабарласып тұрамыз. "Роскосмос" таяуда залал мөлшерін есептеп, оны өтеуге уәде берген. Алайда, нақты мерзімін көрсетпеді", - дейді ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров.
Дереккөз: Астана телеарнасы