Атырау, 24 қараша 16:25
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ақтөбеде оқушыны азаптап өлтіргендердің туыстары оларға шаң жуытпады

1 881 просмотра

Ақтөбеде 15 жасар оқушы қызды буындырып өлтіріп, дорбаға салынған денесін далаға лақтырып кеткен күдіктілерге қатысты іс сотқа жіберілді.

Атышулы процессті алқабилер қарамақ. Алғашқы отырыс 29-шы қаңтарда, жабық жағдайда өтпек деп хабарлайды КТК арнасы.

Тергеушілер Сергей Наумцев пен Виктория Савичтің қанды қылмысқа барғанын дәлелдейтін айғақтар жеткілікті дейді. Әйтсе де қаскөйлердің туыстары оларға шаң жуытпай отыр.

"Менің немеремнің бұл қылмысқа еш қатысы жоқ. Оқушыны өлтірген Виктория деген сүйіктісі. Тергеушілер соның айтқандарына ғана құлақ асып отыр", - дейді С.Наумцевтің әжесі Людмила Наумцева.

Басты күдіктінің әжесі анасынан ерте жетім қалған Сергейді ақшадан еш тарықтырмағанын және кісінің ала жібін аттамағанын айтады.

Бірақ оның бұл сөзін тәртіп сақшылары жоққа шығаруда. Әжесінің "періштедей" деп отырған немересі бұған дейін кісі пышақтап, істі болған екен. Ал оның сыбайласы Викторияның анасы болса, қызын "қылмыскердің жетегінде кетті" деп отыр. Тек бұл екі отбасы да қайғыдан қан жұтқан Гүлдираның әке-шешесінен ең болмаса кешірім сұрауға да жарамапты.

Қазір олар "қылмыскерлермен көрші тұрмаймын" деп басқа облысқа көшіп кеткен. Ендігі бар үміті соттың әділ шешімінде. Егер алқа билер қос күдіктіні кәнілі деп таныса, олар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге салсақ, қанды қылмыс 4 ай бұрын болған. Оқушы қызбен әлеуметтік желі арқылы танысқан қос қаскөй оны зорлап, кейін қылмыстарын жасыру үшін буындырып өлтірген.

Дереккөз: Nur.kz

17 қаңтар 2014, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.