Атырау, 5 қазан 02:57
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жер емшегін ембесең, кері қайтар

2 784 просмотра

Атырау облысында ауыл шаруашылық жерлеріне тексеру жүргізіледі.

Дүйсенбі күні аудан әкімдерімен болған кеңесте аграрлық сектор бойынша облыс әкімінің орынбасары Серік АЙДАРБЕКОВ пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылық телімдері жөнінде мәселе көтерді:

- Жер өңдегілері келетін ауыл шаруашылық өндірушілері бар. Алайда аудандардағы барлық құнарлы жерлер бөлініп кетті. Олардың бәрі бірдей мақсаты бойынша пайдаланылмайды. Әкімдерге ауыл шаруашылық жерлеріне тексеру жүргізуді, жерді тиімсіз пайдаланған жағдайда оларды нақты жұмыс жасағысы келетін тұлғаларға беруді ұсынамын.

Ал Ауыл шаруашылық министрлігі егіс алаңдары мен жайылымдарды тиімсіз пайдаланатын шаруалардан жерлерін алып қоюға мүмкіндік беретін жер заңнамасына өзгерістер енгізуді ұсынған еді. Атап айтқанда, министрліктің басшысы Асылжан МАМЫТБЕКОВ:

- Еуропада бір гектар жерге бір бас жануардан келуі тиіс. Міне, бұл көрсеткіш, - деп мәлімдеді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

26 мамыр 2011, 01:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.