АСТАНА, 16 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Қашаған кен орнын пайдаланушыларға, апаттың салдарынан келтірілген экологиялық зиян және кен орнының жұмыстарын тоқтатып қойғандары үшін бірқатар айыппұл салынады, деп хабарлады Қазақстанның мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.
Қашаған кен орнында мұнай өндіру 2013 жылғы 11 қыркүйекте басталған. Алайда 24 желтоқсанда Д аралынан «Болашақ» зауытына баратын жерасты құбырдың газ жіберуіне байланысты кен орнын пайдалану тоқтатылған. Тиісті түйістер ауыстырылған соң жұмыс жалғасқан, бірақ 9 қазанда газдың жіберілуі анықталғаннан кейін жұмысы қайта тоқтатылған.
«Келісімде қарастырылған санкциялар мен айыппұлдар болады (өндіру мерзімінің бұзылуына қатысты)»,- деді Қарабалин «Казэнерджи» қауымдастығы кеңесінің қорытындылары бойынша өткізілген баспасөз конференциясы барысында.
«Бірінші кезекте, экологиялық бұзушылықтар үшін айыппұлдар болады, экология министрлігі мердігерлермен бірнеше кездесу өткізді... меніңше, бұл цифрлар айдың аяғына қарай белгілі болады», - деп толықтырды ол.
Дереккөз: newskaz.kz