Бисенғали Шамғалиұлы Тәжияқов пен Әбен Ағыбайұлы Бектасов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды, деп хабарланады Ақорданың баспасөз қызметінде.
Қазақстан президентінің өкімімен Қуат Бәкірұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне; Нұрлан Жетпісұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Деркккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.