ҚР Президент Жарлығымен А. Мусин қызметінен босады
2 461 просмотра
Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет Басшысының Жарлығымен Аслан Есболайұлы Мусин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.