Атырау, 26 желтоқсан 00:13
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

ТМРА қазақстандықтарға 2014 жылы тарифтердің қымбаттау себептерін түсіндірді

1 457 рет қаралды

Қазақстанның Табиғи монополияларды реттеу агенттігі коммуналдық қызметтер тарифтерінің қымбаттау себептерін түсіндірді.

«Өздеріңіз білесіздер, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап елдің 14 өңірінде электр энергиясының тарифі өзгерді. Бұл жоспарлы өзгерту ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысын орындау мақсатында жүргізілді», - деп  түсіндірді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Аманжол Алпысбаев.

Оның айтуынша, тарифтер барлық өңірде шамамен 1 теңге көлемінде жоғарылаған.

«Ақтөбе облысын алып қарасақ, онда электр энергиясының тарифтері 17 тиынға өзгерген. Алматы облысында 1 теңге 05 тиынға өскен», - деді А.Алпысбаев.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

15 қаңтар 2014, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.