Атырау, 24 қараша 17:09
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Елбасы Жарлығымен «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидалары бекітілді

1 890 просмотра
Мемлекет басшысы «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы» туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

«Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған деректер базасын сүйемелдеу және әкімшілендіру, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін жинауды, өңдеу және қорғауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға жүзеге асырады», ««А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне жататын лауазымдарға тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларында көзделген тәртіпте жоспарлы ротациялау шеңберінде жүзеге асырылады», ««А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне жататын лауазымға ротациялау шеңберінде тағайындауды келісу рәсіміне қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу қағидаларында айқындалады», делінген мәтінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

15 қаңтар 2014, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.