Қазақстан үкіметі 2013 жылғы түсімнен мемлекеттік ресурсқа астық сатып алуға қажет қаражатты анықтады, делінген ресми БАҚ-тарда жарияланған үкімет қаулысында.
«2013 жылғы түсімнен мемлекеттік ресурсқа астық сатып алуға бюджеттік қаражаттан 5 миллиард 281 миллион 093 мың теңге белгіленсін», - делінген құжатта.
Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жарияланады.
Әлемдік ірі астық экспорттаушылар құрамына кіретін Қазақстан 2013 жылы 18,9 миллион тонна астық жинады, соның ішінде бидай– 14,5 миллион тонна құрайды.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.