Атырау, 24 қараша 16:50
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қолжетімді баспананың құрылысы әр шаршы метрге 10 мың теңгеге дейін артады

1 840 просмотра

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында салынатын баспананың құны әрбір шаршы метрге 5 және 10 мың теңгеге артады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, бұл бағдарлама бойынша тұрғын үйдің шаршы метрінің бүгінгі құны баспана құрылысына шын мәнінде жұмсалатын шығыстарға сәйкес келмейді.

Мәселен, Қостанай мен Батыс Қазақстан облыстарында бағдарлама аясында үшінші санаттағы тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 90 мың теңгені құраса, ал мемлекеттік сараптаманың қорытындысында шаршы метрдің бағасы 117 мыңнан 134 мың теңгеге дейін жетеді. Яғни, бекітілген деңгейден 30-50 пайызға жоғары.

Осыған байланысты министрлік «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулардың жобасын әзірлеп, онда 4 санаттағы баспана құрылысында әр шаршы метр құны 80-нен 90 мыңға дейін, ал 3 санат бойынша 90-нан 100 мың теңгеге дейін арттыру қарастырылды. Сонымен қатар құрылыс корпорациясы бойынша 4 санатта 110-нан 115 мың теңгеге дейін және 3 санатта 120-дан 125 мың теңгеге дейін болмақ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

14 қаңтар 2014, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.