Атырау, 24 қараша 16:25
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Белсенділер Франциядан Әблязовті қайтармауды сұрады

1 216 просмотра
Бүгін Алматыда бір топ белсенді Францияның Қазақстандағы консулдығына барып, оппозициялық тұлға, олигарх Мұхтар Әблязовті осы елден тыс жерге экстрадицияламауды сұрады.  

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Франция консулымен қоғамдық белсенді Бақытжан Төреғожина, саясаткер Жасарал Қуанышәлин, заңгер Ерлан Қалиев жолығып шыққан. Кездесуде олар Франция елшілігіне осы ел президенті Франсуа Олландтан Әбзлязовті экстрадицияламауды сұраған хат тапсырған.

Қаңтардың 9-ы күні Франция соты қазақстандық оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовты Ресейге немесе Украинаға экстрадициялау туралы үкім шығарды.

Сот Әблязовтың қорғаушыларына Ресейге экстрадициялау бойынша апелляциялық шағым беру үшін 7 күн, Украина бойынша 5 күн уақыт берді. Әблязовтың заңгері сот шешіміне қатысты апелляциялық шағым түсіретінін айтады.

50 жастағы Әблязов былтырғы шілде айында Канн қаласына жақын Ривьера курорттық аймағында ұсталып, содан бері франциялық құқық қорғау орындарының қамауында отыр. Украина мен Ресей оны экстрадициялау туралы өтінішті қатар түсірген. Оны сотқа тартқысы келетін Қазақстан Франциямен тұтқындарды экстрадициялау туралы келісім-шарт жасаспаған.

Бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік, қуғындағы олигарх және оппозициялық тұлға Қазақстандағы БТА банкті басқарып тұрған кезде 6 миллиард АҚШ долларын қаржылық алаяқтық жасау арқылы жымқырды деп айыпталады.

Әблязов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, бұл істен саяси астар көреді.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
14 қаңтар 2014, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.