Атырау, 24 қараша 16:31
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ІІМ арнайы тобы БҚО-да бизнесменнің өлімін зерттейді

1 440 просмотра

Виталий Каркула.Виталий Каркула.Қазақстанның ІІМ арнайы тобы БҚО-да бизнесменнің өлімін зерттейді деп хабарлайды «Мой город» порталы өңірлік полицияға сілтеме жасап.

БҚО ішкі істер департаментінің бастығы Махамбет Әбисатовтың айтуынша, 12 қаңтар күні 23 сағат 30 минут шамасында үш қылмыскер белгілі кәсіпкердің үйіне тонау мақсатында кіріп, «Каркула» шаруа қожалығының басшысы, 1952 жылғы Виталий Каркуланы басынан атып өлтірген. Сонымен қоса оның зайыбы, облыстық мәслихат депутаты, 1955 жылғы Валентина Каркуланың басынан ұрып, ауыр дене жарақатын салған. Төртінші күдікті аудан орталығы Переметныйға кірер жолдағы «Пит-Стоп» жанар-жағар май құю стансасына қарсы «Тұлпар» техникалық қызмет көрсету стансасы маңында күтіп тұрған.

Ота жасалған Валентина Каркула ауруханада жатыр. Ол жедел тергеу тобына шабуыл жасағандардың бетперде киген үшеу екендігін, тергеу үшін маңызды айғақтарды айтып үлгерген. Күдіктілер көп із қалдырған.

"Қылмыскерлердің мақсаты тонау болған. Каркуланың отбасы банктермен жұмыс жасаған, ірі көлемдегі қаржыны үйінде ұстамаған. Бірақ олар бүрсігүні Самара арқылы БАӘ-ге демалысқа жүргелі отырған. Ұлының сөзіне қарағанда, үйде 0,5 млн. Ресей рублі болған. Осы ақша, сондай-ақ ұйымдастыру техникасы, үш ұялы телефон (ішінде қымбаты да бар) қарау кезінде табылған. Сірә, үйдің ішін, заттарды қопарып кеткен қылмыскерлердің көздегені ірі көлемдегі ақша болса керек",-деп есептейді өңірлік ІІД бастығы.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кеше түннен бері оқиға орнын қарау жалғасуда, облыстық департамент, Зеленов аудандық ішкі істер бөлімі басшылығы сонда жұмыс жасауда. Оған қоса ҚР Ішкі істер министрлігінен тәжірибелі тергеушілер тобы келетін болды. Бірлесіп қылмысты ашатын боламыз», -деді М.Әбисатов.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

13 қаңтар 2014, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.