Атырау, 24 қараша 16:29
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оралда танымал кәсіпкерді атып кетті

1 817 просмотра

Батыс Қазақстан облысында танымал бизнесмен, шаруа қожалығының иесі Виталий Каркуланы өлтіріп кетті. Оның әйелі – облыстық мәслихаттың депутаты Валентина Каркула ауыр жарақат алып, жан сақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

 Қайғылы оқиға 12 қаңтарда БҚО Зеленов ауданына қарасты Переметное ауылында орын алды. Қаскүнемдер кіреберістегі терезені сындырып, кәсіпкердің үйіне басып кірген.

«Оны басынан атып өлтірген. Әйелі Валентинаның басын жарған», - деп мәлім етті қаза болған кәсіпкердің бауыры Евгений Каркула.

Қаза болған кәсіпкердің 59 жасар әйелі Зеленов аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Валентина Каркула жедел жәрдеммен өте ауыр халде жеткізілді. Ол ашық бас сүйегі-ми жарақатын алған. Облыстық клиникалық ауруханадан білікті мамандар шақыртылды. Оған ота жасалды. Операция үш сағатқа созылды. Қазір зардап шеккен әйел комада, аппараттың көмегімен дем алып жатыр», - деді Зеленов орталық аудандық ауруханасының директоры Надия Ахметова.

Қазір аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу тобы құрылды.

«Каркула отбасына шабуыл жасаудың мақсаты – тонау. Кәсіпкер отбасы банкпен жұмыс істегендіктен үйде ақша ұстамаған. Алайда жақында ерлі-зайыпты демалу үшін Біріккен Араб Әмірлігіне аттануы керек болатын. Ұлдарының айтуынша, үйде 500 мың ресей рублі болған. Тексеріс барысында барлық ақша орнынан табылды. Валентина Каркула оларды тонаушыларға бермеген. Шабуылдағандар – үш адам, біреуі сыртта көлікте күтіп тұрған. Полицияны Валентина Каркуланың өзі шақырды», - деп хабарлады БҚО ІІД басшысы Махамбет Абисатов.

2012 жылдың желтоқсанында осыған ұқсас жағдайда Виталий Каркуланың қарындасы Наталья Каркулова өлтірілген болатын. Осы қылмыс бойынша «Каркула» ШҚ-да жұмыс істеген екі адам сотталды.

Дереккөз: bnews.kz

 

 


 

13 қаңтар 2014, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.