2014 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің қолдауымен сынақ тәртібінде «Тұран ТВ» жаңа телевизиялық арнасы отандық эфирге шығатын болады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Бұл еліміздің тарихы мен мәдениетін, спортын, демалыстарын, белсенді өмір сүрулерін, саяхатын, ішкі туризмін дәріптеуге арналған қазақстандық алғашқы телеарна болып табылады»,-делінген хабарламада.
Хабар таратудың алғашқы кезеңде еліміздің барлық аумақтарында Алма ТВ, ID TV және Отау ТВ қазақстандық кабельдік операторларының желілерімен қосарласа қызмет көрсету жоспарлануда. Соңғы екі ай ішінде спутниктік телеарналары арқылы хабарды тарату жоспарланып отыр.
Арна 16:9 үлгісінде, HD 720р сапасымен, стерео-аудиожолымен қазақ және орыс тілдерінде қосарлана таратылу көзделіп отыр.
«Тұран ТВ» телеарнасының бас директоры – Қазақстан Республикасының Спорттық балық аулау Федерациясының президенті, осы спорт түрінен 2013 жылғы әлем чемпионы әрі әлемдік біріншіліктің бірнеше дүркін жүлдегері Роман Ботабеков болып табылады.
Оның айтуы бойынша: «Арнаның контенті саяхат, аңшылық, балық аулау, Қазақстанның туристік және мәдени көзтартарлық жерлері, яғни ең әдемі жерлері, ең дәмді тағамдары, керемет салттары, түрлі ұлт өкілдерінің мерекелері, тарих жұмбақтары сияқты тақырыптарды қамтылатын болғандықтан барлық адамдардың қызығушылықтарын тудыратын болады. Таңғаларлық жаңалықтарды іздеу мақсатымен телеарна авторлары Қазақстанның түкпір-түкпіріне сапар шегетін болады».
Телеарна өзінің жеке өндірістік негізімен, дистрибуция қызметтерін және маркетингтерімен, сондай-ақ бағдарламаның жеткілікті кітапханасымен орнатылған. Қазіргі таңда 50 –ден астам бағдарламалар түсірілген.
Барлық хабар таратудың 80 пайызын «Тұран ТВ» телекомпаниясының жеке өндірісінің контенті, ал декерті және көркем фильмдер 20 пайызын құрайтындығы болжанып отыр.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары