Тағы бір арақ зауытының басы бәлеге қалды. Бұған дейін ақтөбелік компания арам судың қақпағына Алланың атын жазып жұрттың жағасын ұстатса, енді Жамбыл облысындағы өндіріс ұлттық биге қол салыпты. «Қара жорға» деп атаған арақ шөлмегенінің сыртына халықтық би ұжымының суретін рұқсатсыз жабыстырып қойған. Бұған ашынған «Әлия гүлі» ансамбілінің жетекшісі зауыт басшыларын сотқа бермекші.
Биші қыздарының бейнесі «Қара жорға» деп аталатын арақ шөлмегінің сыртында жүргенін естігінде ансамбльдің көркемдік жетекшісі Шолпан Айнабекова жаға ұстаған . Арақ зауытының бұл қылығын өнер қайраткері ұлттық биге жасалған қастандыққа балап отыр.
Шолпан Айнабекова, «Әлия гүлі» халықтық би ансамбілінің көркемдік жетекшісі:
-Бұған қарсы тұрмасақ ертең барлық коллектив арақта, консервіде Олай етуге болмайды. Мысалы мен алдыңғы күні көрдім 2 шыны қоқыста жатыр. Менің қалай қыздарым костюммен «Әлия гүлі» қоқыста жатады?
Осыдан 3 жыл бұрын жергілікті басылымдардың бірі ұжымды буын биіне байланысты фотосессияға түсірген. Гүлназ есімді бишінің әр қимылын оқырмандарға үйрету мақсатында газетке де жариялапты. Соны Жамбыл облысындағы «Алкопищепром» серіктестігі басшылары еш рұқсатсыз арақ қаптамасына жапсырып жіберген. Ал компания өкілдері шишаның сыртындағы суреттің қайдан келгенін айта алмай күмілжіп қалды.
Қайрат, ««Алкопищепром»» ЖШС өкілі:
-Біз бейхабармыз. Сізден бірінші естіп отырмыз. Сұрастырайық, білейік . Сосын жауап береміз.
Еліміздегі арақ зауыттарына қатысты мұндай келеңсіз жәйттар бұған дейін де қайталанған. Екі жыл бұрын да осы Ақтөбеде арақ шөлмегінің қақпағына Алланың атын жазған болатын. Ол кезде бұқара бас көтеріп, ақыры алкогольді өнім дүкен сөрелерінен алынған-ды.
-Бишілерінің суретін рұқсатсыз арақ шөлмегіне жапсырған зауытты ансамбльдің жектішісі Шолпан Айнабекова енді сотқа бермекші. Ол «авторлық құқығымыз тапталды» деп отыр. Сондай-ақ сауда айналымына шыққан шөлмектерді сатуға тыйым салуды да талап етпек.
Дереккөз: КТК