АСТАНА, 9 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Өзінің хатшысына қол жұмсаған, Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының басшысы Қайрат Бақберген қызметінен босатылды, деп хабарлады Қазақстанның Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
«Өңірлік даму министрлігінің Жауапты хатшысы Арыстан Қабыкеновтің 6 қаңтардағы бұйрығымен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің бұзылуына жол бергені үшін Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының басшысы Қайрат Бақбергенге «атқаратын қызметінен босату» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Қазіргі уақытта ол қызметінен босатылды», - делінген ведомствоның хабармамасында.
Дереккөз: newskaz.kz