Фото: vesti.kzАСТАНА, 9 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Ресейдің бұдан әрі қарай «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалануға қатысуына мүдделі, деп мәлім етті Қазақсатнның «Қазғарыш» Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев.
«Еліміз ғарыш державасына айналуды көздейді. Қазір біз Ресеймен бірлесіп зымырандар ұшыратын боламыз. Бұдан әрі де осылай жалғасқанын қалар едік. Мен де, Қазақстанда тұратын бірде бір дұрыс пікірлі адам да Ресейдің Байқоңырдан кеткенін қаламайды. Біз әріптестер мен одақтастармыз, ал мемлекетаралық өзара әрекеттесудің осындай деңгейі үшін бірлескен стратегиялық жобалардың болуы қалыпты», - деді Мұсабаев «Известия» газетіне берген сұхбатында.
«Егер де Ресей күндердің бір күнінде Байқоңырдан кеткісі келсе», Қазақстан ғарыш жобасын өз күшімен жүзеге асыратын болады, деп толықтырды Мұсабаев.
Дереккөз: newskaz.kz