АСТАНА, 9 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Ұлыбританияда ағылшын азаматшасына қол жүгіртті деген айып тағылған Қазақстанның таэквандо құрамасының мүшесі Азамат Теңізбаевты Алқа билер соты ақтады, деп хабарланады Қазақстанның таэквондо федерациясының ресми сайтында.
Қазақстандық спортшыға қатысты оқиға 2013 жылғы шілденің соңында орын алды. Таэквондошылар Мексикадан Әлем чемпионатынан қайтып келе жатқан болатын. Хитору әуежайында Азамат Теңізбаевты ұшақ бортында ағылшын азаматшасына қол жүгіртті деген айыппен қамауға алды.
Осы аптада Ұлыбритания астанасында аталған оқиғаға байланысты соңғы сот тыңдауы өткен болатын. Енді жақын күндері Азамат елге оралады.
Дереккөз: newskaz.kz