Атырау, 24 қараша 16:48
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сочидегі Ойындар кезінде қазақстандықтар бесжұлдызды круиздік лайнерде тұрады

2 042 просмотра

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінде Сочидегі Қысқы олимпиада ойындарына туристердің баруы мәселелерін ұйымдастыру бойынша жиналыс болып өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Комитет төрағасы Марат Игалиев Ойындарды өткізу кезеңінде ресейлік билік қабылдаған қауіпсіздік шараларын қазақстандық туристердің қатаң сақтауы және біздің азаматтарымызды сақтандыру мәселелеріне баса назар аударды.

Жоспар бойынша, Қазақстан жанкүйерлері делегациясында 400 адам болады. Онда олар «Nordwegian Jade» атты бесжұлдызды круиздік лайнерде тұратын болады. Кеме 2006 жылы Германияда суға түсірілген, 2376 жолаушыға арналған 1190 каютасы бар. Лайнерде мейрамхана, хауыз, тікелей эфир студиясы сияқты көңіл көтеру орындары қарастырылған.

Қазақстандық делегацияның тұратын жерін таңдау барысында қауіпсіздікке баса назар аударылды. Лайнер қосымша қорғалатын және негізгі ойындар өтетін жерлерге жақын жерде жүреді. Екі еселенген өткізу режимі (алдымен терминалда, сосын кеменің ішінде) қолданылады, сондай-ақ, қонақтардың жүктерін порт территориясында автоматтандырылған бақылау жүйесі болады.

Қазақстандық «Complete Service» халықаралық туристік компаниясы біздің еліміздегі бірден бір ресми бекітілген агент болып табылады. Осы компания тұңғыш рет жанкүйер төлқұжатын енгізбек. Мұндай құжаты жоқ жанкүйер Сочи қаласына кіре алмайтын болады. Толығырақ ақпаратты компанияның www.complete.kz сайтынан алуға болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

8 қаңтар 2014, 22:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.