Атырау, 24 қараша 17:12
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қаржы полициясы ТҚЖБ бұрынғы басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғамайтын болды

2 430 просмотра

Алматы қаласы бойынша Қаржы полициясы департаментінің тергеу басқармасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бұрынғы басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғамау туралы шешім қабылдады. 

«Қолда бар құжаттарды зерттеу кезінде банк басшылығы тарапынан «Әйгерім» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді бөлу кезінде қылмыстық жазаланатын әрекеттер қарастырылмайды», -делінген хабарламада.

Тексеру барысында банктен пәтерлерді бөлу мен пулдарды құру тәртібін реттейтін құжаттар, несиелеу ережелері, тағайындаулар туралы бұйрықтар және өзге де құжаттар сұратып алынды.

Қазіргі таңда материал қабылданған процессуалды шешімнің заңдылығын тексеру үшін Алматы қаласының прокуратурасына жолданды.

Естеріңізге салып өтсек, өткен жылдың маусым айында Мәжіліс депутаттары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның басшылығына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тексеріс жүргізуді ұсынған болатын.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

8 қаңтар 2014, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.