Атырау, 29 қыркүйек 12:24
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

35 мың теңге мен ұялы телефон үшін жасөспірім қызды сөмкесінің бауымен қылғындырып өлтірді

2 160 просмотра

Алматыда такси жүргізушісі 15 жастағы қызды өлтіріп кетті. Сондағы қаныпезердің көздегені жеткіншектің сөмкесіндегі ақша мен ұялы телефоны екен. Қазір күдікті ұсталып, кінәсін толық мойындапты.

Қанды оқиға жаңа жылдың алдында болған. Бірақ жасөспірімнің өлі денесі бірнеше күннен  соң әзер  табылды. Марқұмның туыстары енді қаскөймен қоса оның жұмыс берушілерін де жазалауды талап етіп отыр. Ал жантүршігерлік қылмысқа барған  таксопарк жүргізушісі бұған дейін үш рет сотталған. Соның бірінде қыз зорлағаны үшін түрмеде отырып келгені белгілі болды.

Бүгін Қожағұловтар отбасы сүт кенжелері Айсұлуды ақтық сапарға шағырып салды. 15 жастағы қыз 28-ші желтоқсаннан бері із-түссіз жоғалып кеткен еді. Жеткіншектің өлі денесі тек 3-ші қаңтарда қаладан 20 шақырым жердегі Жетісу елді-мекені маңынан табылған. Сөйтсе, қызды такси жүргізушісі өз сөмкесінің бауымен буындырып, мәйітін су жағасына лақтырып кетіпті.

Меруерт Тастанова, марқұмның әжесі:

-Менің алақанымда өскен бала ғой. Ботам ғой менің, ботам ғой! Жер қойнына кетті ғой, қарлығаш болып келіп, қарлығаш болып кетіп. Қимаймын, қимаймын!

Сондағы таксистің көздегені қыздың әмиянындағы ақша мен ұялы телефоны болыпты. Сол күні колледждің  1 курсында оқитын  Айсұлу Жамбарбек екі айдың степендиясын алған. Сөйтіп  35  мың шәкіртақыға  ата-анасына жаңа жылға сыйлық алмаққа сауда орталығына келіпті. Ал  қайтарда үйіне дейін такси ұстаған. Жай емес, ресми такси.       

Гүлнар Қожағұлова, марқұмның анасы:

-Арнайы такси болған соң сеніп отырған ғой. «Тұлпар текси». Әйтпесе, мына тұрған әпкесінің үйіне «алдына шығамын, ақшасын төлеймін» десең де, «жоқ, қорқамын» деп жаяу баратын.

Оқудан қайтпаған қызын абыржыған ата-ана сол күні-ақ іздеп, полицияға хабар берген. Тіпті көше-көшеге хабарландыру да ілген-ді. Ақыры 5-ші күн дегенде тәртіп сақшылары бақылау камерасымен Айсұлудың жүрген жолын тауып, ұялы телефонмен қылмыскердің ізіне түскен. Ал мәйіттің қайда жатқанын күдіктінің өзі ұсталған соң көрсетіпті.

Дәурен Қожағұлов, марқұмның ағасы:

-Ұялы телефонмен оның жүрген жерін анықтаған. Сосын 2-3 күн оны аңдыған.

-Қанда жаза қолданса дейсіз?

-Ең ауыр.

Сондай-ақ марқұмның туыстары такси орталығын да жауапқа тартуды талап етуде. Өйткені күдікті 36 жастағы Виталий Атапин бұған дейін 3 мәрте сотты болған. Қаскелең қаласының тұрғыны екен. Біреуінде қыз зорлау фактісі бойынша жазасын өтеген. Бірақ осыған қарамастан екі ай бұрын «Тұлпар такси» қызметіне алыныпты. 

-Сіз оның басшысыз ба?

- Иа.

-Сіз оның әрекеті үшін жауап беруге әзірсіз ба?

- Мен неге жауап беруім керек?

- Өйткені сіз оны жұмысқа алдыңыз?

- Оның сотталып бұрын қыз зорлағанын білмедіңіз бе?

- Жұмысқа аларда құжаттарын тексердік. Бәрі дұрыс болатын. Қайдан білейік

Сондай-ақ, қолға түскен күдіктінің туберкулездің ашық формасына да шалдыққаны белгілі болып отыр. Қазір адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал  колледжде радиотехника мамандығы бойынша оқып жүрген Айсұлу ақпанда 16 жасқа толар еді.....

8 қаңтар 2014, 09:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.