Секундына 12,57 мегабит жылдамдықпен интернет желісіне қосылатын Тәжікстан 57-ші орында, Қырғызстан 81-ші (секундына 8,45 мегабит), Өзбекстан 171-ші орында (секундына 2,46 мегабит), ал Түркіменстан рейтингте мүлдем көрсетілмеген.
2010 жылы Қазақстанның көрсеткіші 3,78 мегабит болып, 62 орын алған болатын.
Бірқатар сарапшылардың пікірінше, интернет қолданушылар қатарының артуы жағынан алғанда Орталық Азия елдері біртіндеп алдыңғы орындарға көтеріліп келеді. Жыл өткен сайын жаһандық желіні пайдаланушылар қатары екі есе, кей елдерде тіпті үш ее артуда.
Аталған рейтингте секундына 68,99 мегабит көрсеткішпен Гонконг көш бастап тұр. Одан кейін Сингапур – 59,29 Мбит, Румыния – 56,46 Мбит, Оңтүстік Корея – 48,80 Мбит, Жапония – 41,77 Мбит.
6 - 10 орындарда Макао – (40,56 мегабит), Литва – (39,67 Мбит), Швеция – (39,19 Мбит), Нидерланды – (38,86 Мбит), Тайвань – (36,85 мегабит) деп көрсетілген.
Дереккөз: bnews.kz