Қаржы полициясы ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаментінің директорын пара алу үстінде қамауға алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
«2013 жылғы 28 желтоқсанда Астана қаласының Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері ет өнімділігі бағытындағы ірі қара малды индекстік бағалауды дайындау бойынша мемлекеттік сатып алудың келісім-шартына қол қоюға көмектескені үшін «Мал шаруашылығы және ветеринарияның ғылыми-инновациялық орталығы» ЖШС-нің бас директорынан 720 мың теңге пара алуы үстінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаментінің директоры М.Бақтыбаевты ұстады», - делінген хабарламада.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.