Атырау, 24 қараша 17:14
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Елбасы Ресей президенті Владимир Путинге Волгоград қаласындағы террорлық әрекетке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

2 625 просмотра

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Волгоград қаласындағы террорлық әрекетке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаевтың террорлық әрекет салдарынан көп адамның өліміне әкеліп соқтырған қайғылы жағдай туралы хабарды күйзеле қабылдағаны атап өтілген. 

Қазақстан Президенті қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтығын білдірген қолдау сөзін және барша Ресей Федерациясы халқына көңіл айтуын жеткізуді сұрады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы терроризмнің кез келген түрі мен көрінісін батыл айыптап, барша әлемдік қоғамдастықты бұл зұлматпен күресу үшін ынтымақтастық аясын кеңейтуге шақыратынын атап өткен.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

30 желтоқсан 2013, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.