Атырау, 9 желтоқсан 22:27
 ашықВ Атырау -7
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Авангардтағы ХҚО мекен-жайын өзгертті

3 635 просмотра

13 желтоқсанда Авангардтағы ХҚО (халыққа қызмет көрсету орталығы) Сәтбаев даңғылы 23-ші үйдегі өз филиалының ғимаратына салтанатты түрде көшіп барды.

Облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ «бұрынғы жаңа» ХҚО-ғын ашуға келу қарсаңына музыканттар, қызыл кілем, лента байланған бағандар мен ұлттық киім киген қыздар дайын болып тұрды.

Соның алдында мен облыстық ХҚО бастығы Мұрат САРМАҒАМБЕТОВПЕН сөйлестім. Оның пікірінше, ХҚО-ның Авангардта орналасуы өте қолайсыз. Цокольды орынжайда ХҚО орналасқан үй №3 мектепке қарама қарсы тұр. Ғимаратқа көлікпен жақындап бару қиын, машинаны қоюға ешқандай жағдай болмаған, автобус аялдамалары да әжептәуір қашықтықта орналасқан болатын. Сондықтан орталық көшедегі филиалға көшіп бару туралы шешім қабылданыпты.

М.Сармағамбетовтің айтуынша, біріктірілген ХҚО енді күніне 1000 адамға дейін және облыстық және қалалық әкімиятқа қатысты 71 қызмет түрін көрсете алады. Әр инспектор бір уақытта клиентке 47 бағытта қызмет көрсетпек.

ХҚО-да электронды кезек режимінде жұмыс жасайтын 26терезе бар. Онда 103 қызметкер жұмыс жасайды. ХҚО қызметкерлерінің орташа еңбекақылары бүгінде 25 000-30 000 теңге құрайды.  

М.Сармағамбетов штаттың республикалық бюджет қаржыларының есебінен төленетіндігін, ал жаңа ХҚО ғимаратын қайта жарақтауға және жабдықтауға облыстық әкімдік 23 млн. теңге қаржы бөлгендігін хабарлады. Облыстық және қалалық ХҚО мұқтаждықтары үшін әкімдік үш жаңа шетелдік көліктер - «Тойота-Королла» мен екі «Нексия» бөлген. Бүгінде облыс бойынша 9 филиал – Атырауда 2-уі (Баймұханов көшесі мен Балықшы поселкесінде) және аудандарда 7-уі жұмыс жасайды.

Мен ЖИН тіркеу жөніндегі Әділет министрлігінің сәтсіздікке ұшыраған науқан жөнінде сұрастырдым. М.Сармағамбетов шілде айынан бастап құжаттарды тек электронды форматта әділет өкілдері ғана рәсімдейтіндігін хабарлады. ХҚО қызметкерлерінен айырмашылығы олар азаматтарды жедел тіркеу үшін қажетті дерекқорға тікелей шыға алады екен. Осы қызметкерлер үшін ХҚО-да жеке кабинеттер бөлінген. Жаңа ХҚО-да олар бірнеше күннен кейін жұмыс істей бастайтын болады. Құжаттарын шілдеге дейін тапсырғандарға құжаттарды ХҚО қызметкерлері береді. Естеріңізге салайық, бұрын ЖИН тіркеу мерзімі 2010 жылдың 13 тамызында аяқталған еді. Алайда нағыз науқан қызған кезде аймақтарда бланкаларға қатысты проблемалар туындады,  дүрбелең басталып, үкімет 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін мерзімін ұзартуға шешім қабылдады.      

…ХҚО-на келген әкімге бұрын жұмыс істеп тұрған нысанды ашуға арналған кезекті дайындық ұнамай қалды. Ол музыканы өшіріп, ленталы бағанды алып тастауға бұйрық берді. Ал ХҚО ғимаратына кірген кезде бірнеше қызмет орынжайларын облыстық және қалалық деңгейдегі шенеуніктер азаматтарды қабылдай алуы үшін босатуды тапсырды. Ол енді облыс тұрғындары өздерін алаңдатқан проблемалары бойынша әкімдік қызметкерлерімен ХҚО-дағы осындай кабинеттерде, ал болашақта арнайы салынған ғимаратта кездесе алатындығын мәлімдеді.  

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

15 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.