Атырау, 24 қараша 17:11
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Волгоградтағы вокзалда болған лаңкестіктен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ

2 076 просмотра

Волгоград вокзалында орын алған лаңкестіктен зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлады дүйсенбіде ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Волгоград вокзалында орын алған лаңкестіктен зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - деді агенттікпен әңгімелесуші.

Жексенбіде Волгоградта Мәскеу уақытымен 12.45-те (Астана уақытымен 14.45-те) теміржол вокзалында жарылыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыс салдарынан 16 адам көз жұмды, ондаған адам зардап шекті. Нұсқалардың бірі бойынша, лаңкестік әрекетін дағыстандық Оксана Асланова жасаған болуы мүмкін.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 
30 желтоқсан 2013, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.