Ресей Президенті Владимир Путин «Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Әуе қорғанысы қауіпсіздігінің Бірыңғай аймақтық жүйесін құру жөніндегі Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісім туралы» Заңға қол қойды», деп хабарлады РБК.
Құжаттың мәтіні бүгін «Российская газета» басылымында жарияланады.
Заң Мемлекеттік думамен 2013 жылдың 20 желтоқсанында қабылданып, 25 желтоқсан күні Федерация Кеңесімен мақұлданды. Ал келісімге 2013 жылдың 30 қаңтарында Астанада қол қойылған еді. Онда құжатқа РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен оның қазақстандық әріптесі Әділбек Жақсыбеков қол қойған болатын. Әуе қорғанысы қауіпсіздігінің Бірыңғай аймақтық жүйесі әскерінің қолбасшысын РФ мен Қазақстан қорғаныс министрлерінің ұсынысы бойынша екі ел президенттері тағайындайды.
Бұл құрылымның басшылығы Алматыда болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат