Атырау, 24 қараша 15:44
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Таразда өртеніп кеткен шырша бір түннің ішінде қайта қалыпқа келтіріледі (ФОТО)

2 293 просмотра
Кеше Тараз қаласының орталық алаңында жасанды шырша өртке оранған болатын. Қалалық әкімшілік жасанды шырша мен оны безендіруге 3,5 млн теңге жұмсаған болатын, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
 
Белгілі болғандай, белгісіз әйел адам пиротехникалық затты атқанда от тұтанып, шырша лапылдап жана бастаған. Қала әкімінің орынбасары К.Тоғызбаева бір түннің ішінде шырша қайтадан қалпына келтірілетінін айтты.

Түнгі сағат 22:07-де өрт сөндірушілерге хабар жеткен соң оқиға орнына 4 өрт сөндіру көлігі дереу арада жеткен. Куәгерлердің айтуына қарағанда, әйел адамның шыршаға қаратып атқан петардасынан от ұшқындап, шырша жалынға оранған. Сосын олкөлігіне отырып ізін суытқан. Тараз қаласы әкімінің орынбасары Күлімхан Тоғызбаева «Түнімен жұмыс жасап, таңертеңге дейін шыршаны қайта қалыпқа келтіреміз»,- деп мәлімдеді.

Бір сағаттан соң орталық алаңда шыршаны қайта қалыпқа келтіру жұмыстары басталып кетті. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев та оқиға орнына жетті. «Менің мәліметім бойынша, қазір облыста петардалар мен басқа да пиротехникалық заттарды қолдануда сақтық шараларын сақтамаудан 52 рет өрт шыққан. Аудан, қала және ауыл әкімдері пиротехникалық заттардың сатылымын қадағалауы керек және сатушылардың сертификаттарын тексеру керек»,- деді аймақ басшысы.

Облыстық ІІД басшысының орынбасары полиция полковнигі Қасым Досанов Тараз қаласының Достық алаңында орнатылған 3 камерада шыршаны өртеген әйелдің жеке тұлғасы мен көлігінің мемлекеттік нөмірі анық байқалатынын айтты.

Дереккөз: bnews.kz

 

28 желтоқсан 2013, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.