«Мен қылмыстық немесе әкімшілік іс болса да, барлық шаралар қолға алынсын деген тиісті тапсырма бердім. Мән-жай анықталады. Ол кінәсін мойындаған жағдайда, жұмыстан шығаруға дейінгі ең қатал жаза қолданылады», - деді журналистердің сұрағына жауап берген Б.Жәмішев.
Бұл оқиға бұған дейін БАҚ-тарда жарияланды. Онда Көкшетау қаласының 21 жастағы тұрғыны полицияға «өзіне басшы қол жұмсады» деп арыз бергендігі көрсетілген. Арызданушы ҚР Өңірлік даму министрлігінің жер ресурстарын басқару басқару комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы басшысының хатшысы болып жұмыс істейді.
Өз кезегінде бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев мұндай шенеуніктердің мемлекеттік қызметте жұмыс істемеу керектігін атап өтті.
«Қарамағыңдағы қызметкерлеріңе айғайлап, дегеніңе жете алмайсың. Ондай мемлекеттік қызметшілерге, жетекшілерге рингте жұмыс істеген жөн», - деді ол.
Дереккөз: bnews.kz