Атырау, 24 қараша 15:56
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстандықтар үшін Қытайдың Шәуешек қаласын 72 сағат бойы визасыз аралауға жол ашылды

4 573 просмотра

2013 жылдан бастап 45 елден келген туристердің виза ресімдемей-ақ, 72 сағат бойы материктік Қытайдың ірі мегаполистерін, оның ішінде Бейжің, Шанхай және Гуанчжоуды аралауға мүмкіндігі бар. Қазақстан азаматтары бұл тізімге әзірге енген жоқ.

Алайда, өткен жылдың шілде айында Қытай Қазақстаннан келген туристер үшін Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Іле Қазақ автономиялық облысында орналасқан Шәуешек қаласын ашқан болатын. Қазақстан азаматтары 72 сағат бойы визасыз Шәуешек қаласын аралай алады.

Шәуешек қаласы Шығыс Қазақстан облысының орталығы - Өскемен қаласынан 600 шақырым қашықтықта орналасқан «Бақты» кеден бекетіне жақын орналасуымен ыңғайлы. Қытайға келген алғашқы күні Қытай көші-қон қызметінде тіркеуден өту қажет емес. Туристерге Шәуешектен визасыз шығып кетуге тыйым салынған. Бұл елден Қазақстанға қарай Қытайдың «Покиту» рұқсат беру бекеті арқылы ғана шығуға болады.

ҚазАқпарат тілшісіне ҚХР СІМ-де түсіндіргендей, «Покиту» рұқсат беру бекетіндегі Қазақстан азаматтары үшін үш күндік визасыз тәртіп Қытай-Қазақстан шекарасының осы аумағында тұратын елдің жергілікті тұрғындарының қарым-қатынасына ыңғайлы болуы және шекара маңындағы сауданы кеңейту үшін енгізілген.

Визасыз тәртіпті енгізу қазақстандық туристік фирмалар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл бағытта Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) Семей, Аягөз, Үржар қалаларындағы бірқатар туристік фирмалар белсенді жұмыс істеуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

25 желтоқсан 2013, 18:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.