«Бұл оқиға бойынша Солтүстік Қазақстан облысының ІІД «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер органдары жүргізіп жатқан қылмыстық істің аясында барлық мүмкін болған нұсқалар қаралып жатыр. Олардың қатарында Ахметовтың өлімі қызметімен байланысты болуы да мүмкін деген болжам да бар», - дейді СҚО Қаржы полициясы басшысының орынбасары.
Жандос Ахметов 2013 жылдың 24 желтоқсанында кешкі сағат 20.00-де Қызылжарда өз үйінің подъезінің алдында белгісіз біреулер өлтіріп кеткен. Қаскөйлер құқық қорғау қызметкерінің басына және денесіне бірнеше рет оқ атады. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 12 жасар ұлымен бірге үйіне дейін келген Ахметов үйіне кіре беріс жерде өлтірілген. Кей мәліметтер бойынша, ұлына оқ тимей, аман қалған. Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Дереккөз: Baq.kz