Google Maps және Yandex Maps спутниктен түсірген диаметрі 200 метр пентаграмма анық көрінеді. Бес бұрышты жұлдыз Ақтау қаласы мен Ақшүкір ауылының бел ортасында орналасқан. Бұл туралы жергілікті «Lada.kz» ақпараттық порталы хабарлайды.
Пентаграмманың координаттары - +43°43'46.07'' +51°07'43.02''.
Ақтау маңындағы пентаграмманың қай уақытта, қалай пайда болғаны белгісіз. Авиацияға жаны құмар жандар әлеуметтік желілерде өз ойларымен бөлісіпті. Олардың айтуынша, бес бұрышты жұлдыз дельтадромнан қалған із көрінеді. Жердегі іздер дельтадромның арбаларының іздері, ал жұлдыздың бес бұрышы желдің бағытана қарай пайдаланылған.
Естеріңізде болса, 2013 жылдың басында Қостанай облысының Лисаковск елді мекенінен 20 шақырым жерде алып пентаграмма табылған еді. Бұл туралы ағылшынның Daily Mail газеті жазған болатын. Ал мамандардың айтуынша, мұндай белгілер Кеңес одағының зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі орналасқан орындарда қалады. Кейіннен белгілі болғанындай, Лисаковск маңындағы петаграмма 1970 жылы құрылған парктің ізі болып шықты. Ал бес жұлдыз етіп жасалғандағы мақсат – ол Кеңес үкіметіне ғана тән белгі.
Дереккөз: Baq.kz