Атырау, 24 қараша 15:28
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ҰӘҚ, Қазкоммерцбанк және Кеңес Ракишев «БТА Банкіні» сатып алу жөнінде алдын-ала келісімге қол жеткізді

2 263 просмотра

«Самұрық-Қазына» Қоры және құрамына «Қазкоммерцбанк» пен Кеңес Ракишев енетін инвесторлар консорциумы «БТА Банкіні» сатып алу жөнінде алдын-ала келісімге қол жеткізді, деп хабарлады дүйсенбіде қордың баспасөз қызметі.

 «Самұрық-Қазына» АҚ (одан әрі – Қор) және  құрамына «Қазкоммерцбанк» АҚ мен кәсіпкер К.Ракишев енетін консорциум Қорға тиесілі «БТА Банк» АҚ (әрі қарай – БТА Банк) акцияларын сату және сатып алуды бастау жөнінде өзара міндеттемейтін, алдын-ала келісімге қол жеткізгендері туралы хабарлайды», - делінген хабарламада.

Алдын-ала келісімдерге сәйкес, «Қазкоммерцбанк» АҚ мен Кеңес Ракишев «БТА Банк» АҚ акцияларының тең үлестерін сатып алады. Бұған қоса Қор банк капиталына миноритарлық қатысу құқығын сақтап қалуға ниетті. Жоспарға сай, мәміленің құрылымы «Қазкоммерцбанк» АҚ тарапынан «БТА Банк» АҚ қызметін қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Консорциум БТА Банкінің акцияларын сатып алуды тәмамдағаннан кейін, «Қазкоммерцбанк» АҚ мен БТА Банкінің тұрақты әрі қарқынды дамуы үшін тараптар оларды біріктіру рәсімін жүргізуді көздейді.

Келіссөздерді аяқтау және мәмілені бекіту үшін тиісті құжаттарға қол қою мақсатында тараптар осы уақытқа дейін жасалған келісімдер мен шығарылған құнды қағаздар бойынша міндеттемелерді ескере отырып, қажетті корпоративті шешімдерді, өкілетті органдардың рұқсаттары мен өзге де ұйғарымдарды алуды жоспарлап отыр.

Болжамдалған мәміле Елбасының қайта құрылымдаудан өткен банктер капиталынан шығу керектігі жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қормен атқарылған жұмыстың жалғасы болып табылады.

30.09.2013 ж. ахуалға қарағанда БТА Банк активтері 1 608, 5 млрд. теңгені құрады, меншікті капитал - 296 млрд. теңге, таза кіріс 24,1 млрд. теңгеге тең.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

23 желтоқсан 2013, 20:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.