«Оскарға» үмітті тоғыздың қатарында бельгиялық Феликс Ван Гроенгненнің «Шектелген шеңбер», босниялық Данис Тановичтің «Темір жинаушынының өмірінен оқиға», камбоджалық Рити Панхтың «Жоғалған жаңалық», дат Томас Винтенбергтің «Аңшылық», неміс Георг Маастың «Екі өмір», гонконгтік Вонг Кар Вайдың «Ұлы шебер», венгр Янош Састың «Қалың дәптер», итальян Паоло Соррентиноның «Ұлы сұлулық» және палестиналық Хани Абу Ассадтың «Омар» деп аталатын ленталары қалды.
«Шет ет тіліндегі үздік фильм» номинациясынан үміткерлерлер қатарында Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмінен бөлек, Федор Бондарчуктің Ресейде IMAX 3D форматында түсірілген бірінші картинасы - «Сталинград» та болды.
«Шал» прокатқа 2012 жылғы 11 қазанда шықты. Қараша айында ол «Жыл таңдауы» сыйлығының «Жыл фильмі» аталымы бойынша жеңімпаз танылды. Ал басты рөлде ойнаушы Ерболат Тоғызақов «Жыл киноактері» номинациясының «Алтын адам» мүсінін алды. 2013 жылғы қыркүйекте фильм «КиноШок-2013» ашық фестивалінде бас бәйге алса, актер Ерболат Тоғызақов үздік ер адам рөлі аталды.
Бұл Ермек Тұрсыновтың «Оскардың» лонг парағына кірген бірінші фильмі емес. 2010 жылы оның «Келін» картинасы да «Оскардың» талқылауына жататын дүниелер құрамына кіріп, шорт-парақта атын қалдырды.
Дереккөз: ҚазАқпарат