Атырау, 24 қараша 16:16
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ТҮЙІНДЕУ: Сәрсенбаевты шын мәнінде өлтіруге тапсырыс берген Рахат Әлиев - БП

2 624 просмотра

Оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты шын мәнінде өлтіруге тапсырыс берген Австриядағы Қазақстанның бұрынғы елшісі Рахат Әлиев деп мәлімдеді жұмада Қазақстанның бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко.

2006 жылғы 11 ақпанда Алматы қаласында Алтынбек Сәрсенбайұлының, Василий Журавлевтің және Бауыржан Байбосынның ұрланып, өлтірілуі орын алған болатын.Ішкі істер органдарымен тергелу барысында осы қылмысқа қатысты тұлғалар анықталған. Ол Рустам Ибрагимов және тағы басқа 9 тұлға. Өз кезегінде Ибрагимов Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс беруші ретінде сол сәтте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аппарат жетекшісі лауазымын атқарып отырған Ержан Өтембаевтың атын айтты.


СӨЗІНЕН ТАЙДЫ

«2012 жылғы 16 сәуірде түзеу мекемесінде жазасын өтеудегі Ибрагимов жасалған қылмыстың бұдан бұрын құқық қорғау және сот органдарына белгілі болмаған мән-жайлар хабарланған арызбен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жүгінді.Бұл арызда ол бірінші рет адам өлтіруді жасағанын мойындады, оны жасау мән-жайларын егжей-тегжейлі бейнелеп берді, сондай-ақ Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс беруші шын мәнінде Ержан Өтембаев емес, Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев екендерін көрсетті»,-деді Кравченко журналистерге брифингте.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотынының тапсырмасы бойынша қосымша алынған жауаптардың шынайлығы Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінен арнайы құрылған жедел-тергеу тобымен тексерілді.Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтініші бойынша тергеуге Америка Құрама Штаттарының Федералдық Тергеу Бюросы тікелей қатысты.

«Атап айтқанда, 2006 жылы Рустам Ибрагимов полиграфологиялық зерттеу және АҚШ-тың Федералдық Тергеу Бюросының агенттеріне берген сұхбатынан кейін оларға адам өлтірудің шын мәніндегі тапсырыс берушісі Рахат Әлиев екендігін айтқаны анықталды»,-деді Кравченко. Оның айтуынша, бұл ретте, Ибрагимов Әлиев пен Мұсаевтың тарапынан өзінің отбасының қауіпсіздігі қатерінен құқық қорғау органдарына ресми жауап беруден бас тартқан және бұл ақпаратты жарияламауды сұраған.



МӘЛІМЕТТЕР ШЫНАЙЫ

Қазіргі уақытта Рустам Ибрагимовтың арызын тергеу шеңберінде АҚШ-тың Федералдық Тергеу Бюросы бұл ақпаратты өзара әрекеттесу барысында тиісті құжаттарды ұсына отырып, растады.

Жаңа тергеу барысында Ибрагимов жеке бас араздығына орай, расында да Ержан Өтембаев одан Алтынбек Сәрсенбайұлын ұрып-соғуды сұрағанын көрсетті. Бұл жөнінде Рахат Әлиевке мәлім болған. Ол Әлнұр Мұсаевпен бірлесіп, жағдайды пайдаланып қалуды шешкен және Ержан Өтембаевтің тапсырысын орындау сымақ болып, Ибрагимовқа Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруді тапсырған.

«Ибрагимовтың уәждері тергеу барысында жинақталған объективті дәлелдемелермен толықтай расталды. Әлиев пен Мұсаевтың Алтынбек Сәрсенбайұлын және оның екі жолсерігін өлтіруге тапсырыс беруге және ұйымдастыруға қатыстылығы жөніндегі версияны растайтын жаңа заттай дәлелдемелер мен куәлердің жауаптары алынды»,-деп атап айтты прокурордың орынбасары.

2013 жылғы тамызда Рустам Ибрагимовтың және бірқатар түйінді куәлердің тиісті жауаптары шақырылған АҚШ-тың Федералдық Тергеу Бюросының полиграфолог-мамандарымен шынайлық мәніне тексеріліп, расталды.


ҮКІМ ІШІНАРА БҰЗЫЛДЫ

Жоғарыда келтірілгенге байланысты, 2013 жылғы 11 желтоқсанда Бас прокуратурамен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына Алтынбек Сәрсенбайұлын, Василий Журавлевты және Бауыржан Байбосынды өлтіру жөніндегі іс бойынша шығарылған үкімді ішінара қайта қарау қажеттігі туралы қорытынды жолданды.

«2013 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен Рустам Ибрагимовтың арызын қарау нәтижесі бойынша және жинақталған жаңа материалдар ескеріліп, Ержан Өтембаевқа қатысты бұдан бұрын қаулы етілген үкім ішінара бұзылды»,-деді Кравченко.

Қылмыстың өзге қатысушыларына қатысты үкімді қайта қарау үшін негіздер анықталмады, себебі, табылған жаңа дәлелдемелер олардың әрекеттерінің саралануына әсер етпейді.

Дәл осы күні, 19 желтоқсанда Жоғарғы Сот қылмыстық істі Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жаңадан сотта қарауға жіберді.

Тиісті сот шешімі қабылданған жағдайда Рахат Әлиевке және Әлнұр Мұсаевқа қатысты тікелей қылмыстық іс қозғалып, АҚШ-тың Федералдық Тергеу Бюросы қызметкерлерінің қатысуымен олардың Алтынбек Сәрсенбайұлының, Василий Журавлевтің және Бауыржан Байбосынның өлтірілуіне қатыстылығы мәніне алдын ала тергеу жүргізілетін болады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА

20 желтоқсан 2013, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.