Атырау, 1 қазан 03:38
 дождьВ Атырау +12.2
$ 440.86
€ 500.77
₽ 5.27

Қазақстан БҰҰ-ға бақылаушылар жіберетін болды

2 420 рет қаралды
ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Мемлекет басшысының 20 адамды БҰҰ-ға бітімгерлік миссиямен бақылаушылар ретінде жіберу туралы ұсынысын қолдады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлады.

Бұл ұсынысты Сенаттың 45 депутаты мен Мәжілістің 106 депутаты қолдап, дауыс берді.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Гаитидегі, Батыс Сахарадағы, Кот-д'Ивуардағы және Либериядағы миссияларына қатысу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі міндеттерді орындауға әр миссияға Қарулы күштердің офицерлерінен бақылаушылар ретінде 5 адамнан жіберетін болды.

Дереккөз: Baq.kz

20 желтоқсан 2013, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.