Атырау, 5 желтоқсан 18:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жаңа жыл мерекесіне орай қосымша жолаушылар пойызы қатынайтын болады

1 756 рет қаралды
Алда келе жатқан қысқы мейрамдарға байланысты және жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында қосымша жолаушылар пойыздары жолға шығады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлайды.

«Мереке күндері №373/374 «Алматы-2 - Жезқазган» пойызы жүреді. Ол Алматыдан 21 желтоқсанда, Жезқазғаннан 23 желтоқсанда аттанады. №634/633 «Қарағанды-Жезқазған» жолаушылар пойызы Қарағандыдан 29 желтоқсанда, Жезқазғаннан 30 желтоқсанда шығады»,-деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, 23 «Тұлпар-Тальго» вагонынан тұратын №63 «Семей-Астана» жүрдек пойызының жүру кестесі өзгертілді. Енді ол Семейден 2014 жылдың 1 қаңтарында (31 желтоқсан орнына) аттанып, Астанаға 2 қаңтар күні келіп жетеді.

Дереккөз: bnews.kz

 

19 желтоқсан 2013, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.