Атырау, 27 желтоқсан 08:30
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

«”Гелиос” сатылмайды»

2 752 просмотра

«Гелиос» ЖШС басшылығы жанар-жағар май стансалары желісінің сатылуына қатысты бүгінгі күні ешқандай  келіссөздер жүргізілмегендігін мәлімдеді.

«Гелиос» ЖШС-не қарайтын барлық жанар-жағар май стансаларын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сатып алуды көздеп отыр деген ақпарат 2009 жылдың жазында белгілі болған еді. Содан бері «Гелиос» жанар-жағармай стансалары желісі сатылады деген болжамды ақпарат түрлі БАҚ-да аракідік жарияланып жүрді. «Біз желінің барлығын сатып алу үшін «Гелиос» иелерімен келіссөздер жүргізіп келеміз», - деген  «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаевтың сөзін Bloomberg агенттігі наурыз айында берген болатын. Алайда, «жақсы баға сұрап тұрған жақсы тауар» делінгенмен, ол кезде келісім-шарттың бағасы айтылған жоқ еді. Бұл тақырыптың қозғалуы тек журналистердің ғана емес, «Гелиостың» клиенттері мен серіктестерінің де қызығушылығын тудырды.

«Осыған байланысты компанияның баспасөз қызметіне күн сайын түрлі БАҚ-нан ондаған сауалдар түсіп жатыр. «Гелиос» ЖШС бүгінгі күні ЖЖС желісін сату жөнінде бірде-бір компаниямен келіссөз жүргізіліп отырмағандығын ресми түрде мәлім-деді. Керісінше,  бүгінгі күні компания дамудың шарықтау шегінде және бұл қарқынын тоқтатпай, өз желілерін Қазақстанның барлық аумағында қосуды жоспарлап отыр. Бүгінде «Гелиоста» Қазақстанның 61 елді-мекенінде 250 жанар-жағар май стансасы бар. Дамудың стратегиялық жоспарына сәйкесті 2013 жылға дейін ЖЖС санын 350-ге дейін жеткіземіз»,-делінген компанияның ресми баспасөз-релизінде. Бұл ақпарат 13 мамыр күні тарады. Бұған дәлел ретінде «Гелиос» ЖШС бренд-менеджері Әсел ТАТАРХАНОВА  компанияның болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Алматы облысында сақтау көлемі 50 мың тонна болатын жаңа мұнай базасы салынды және осындай көлеммен тағы бір жаңа база Павлодарда да ашылатын болады. Сондай-ақ, «Гелиос» жанар-жағармай стансаларында таяу арада жетекші ресейлік өндірушілердің жанар-жағармайларын сату жоспарланып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

 

19 мамыр 2011, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.