АСТАНА. 19 желтоқсан - Бостондағы қазақстандық студенттерге қатысты жаңа мәлімет жоқ. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында сыртқы ведомствоның басшысы Ерлан Ыдырысов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Бостондағы лаңкестiкке қатысы бар деген күдiкпен қамауға алынған қазақстандық студенттер туралы жаңа ақпарат жоқ. Кезектi сот отырысы 2014 жылғы қаңтар айының ортасына белгiлендi. Оларға қажеттi консулдық көмек көрсетiлуде және бiздiң консулдар АҚШ-тағы тиiстi билiкпен және қазақстандық қос азаматтың адвокаттарымен тығыз байланыста», - дедi министр.
«Өздерiңiз бiлетiндей, алдыңғы сот отырысында олар тағылған айыпты мойындамаған болатын. Ендi, iстiң ақырын күту қалды», -деп түйіндеді Е.Ыдырысов.
Дереккөз: bnews.kz