АЛМАТЫ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда 2014 жылдан бастап индустриялық аймақ іске қосылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен мемлекеттік сатып алуға арналған кеңесте айтылды.
«Алматы қаласы жалпы ішкі өнімнің 18 пайызын, бюджеттік түсімдердің 25 пайызын қамтамасыз етеді. Ғылыми жасалымдардың 47 пайызы осында жүзеге асырылады. Келесі жылы іске қосыла бастайтын индустриялық аймақтың алғашқы жобалары іріктелді. Бұл жаңа, инновациялық, заманауи өндіріс болмақ», - деді өз сөзінде қала әкімі Ахметжан Есімов. Оның айтуынша, Кеден одағы бәсекелестіктің не екенін көрсетті. Сондықтан мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық мазмұнды ұлғайту жұмысы халықаралық тәртіп пен тәжірибеге қайшы келмейтіндей жағдайда жалғастырылуы керек. Өндірісшілер Кеден одағы құрылғаннан кейін бәсекелестікті айқын сезіне бастады. Көптеген кәсіпорындардың өнімі сұранысқа ие болмай қалды. Сондықтан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на қарасты компаниялардың тауарлары мен қызмет түрлерін мемлекеттік сатып алуларда тиімді пайдалану қажет.
Дереккөз: inform.kz