АСТАНА, 19 жел – Қазақстарн жаңалықтары АА. Ұлттық банк қазақстандықтарды банктермен даулы мәселелер туындаған жағдайда делдалдарға жүгінбеуге шақырады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
«Соңғы кездері екінші деңгейдегі банктер алдындағы міндеттемелерін орындауда қиындық көріп отырған қарыз алушылар – жеке тұлғалар өздерінің кредиттік проблемаларын реттеу үшін делдалдардың қызметтеріне жүгіну жағдайлары орын алып отыр», делінген бейсенбіде Ұлттық банктің таратқан баспасөз баянында.
Ұлттық банктің хабарлауынша, осы делдалдар белгілі бір төлемге: банк алдындағы берешектің қалдығын, өсімпұл сомасын есептен шығаруға, сыйақы мөлшерін төмендетуге, оны мүлдем жоюға және т.б. уәде береді. Дегенмен өздерінің клиенттерімен жасаған шарттарында істің оң шешілуіне ешқандай кепілдіктер берілмейді.
Мұндай делдалдар әртүрлі қоғамдық ұйымдар (ресми тіркелген сондай-ақ тіркелмеген) болуы мүмкін, олар қарыз алушылардың банктер алдындағы борыштық ауыртпалығын төмендетуге өздерінің көмектерін көрсетуге уәде бере отырып, белгілі бір төлемге жеке тұлғаларға – қарыз алушыларға қоғамдық бірлестіктердің мүшелеріне қосылуды ұсынады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) проблемалы кредиттері бар қарыз алушыларға мұндай компаниялардың/ұйымдардың адастыратынын, шын мәнінде бұл проблемаларды банктердің өздері немесе банк омбудсманының, Комитеттің немесе соттардың жәрдемдесуімен шешілетінін ескертеді.
Бұл банктер мен қарыз алушылардың арасындағы қатынастар шарттық сипатқа ие болуына байланысты. Шарттың орындалуына байланысты мәселелер тек шарттың тараптарымен не сотта реттелуі мүмкін. Қандай да бір мемлекеттік орган не өзге адам банктердің қабылдайтын шешімдеріне ықпал ете алмайды.
Дереккөз: newskaz.kz