Қазақстандық депутат Мәскеуде қайтыс болды деп хабарлайды "Лада" газеті.
Ақтау қалалық мәслихатының депутаты, "МАЭК-Қазатомпром" бас директорының орынбасары Борис Филиппов қызының тойына қатысу үшін Ресей астанасына аттанған көрінеді. 14 желтоқсан күні неке қию рәсімінен кейін ол той болатын мейрамханаға өзі жол тартқан. Алайда, аялдамада депутатты көлік қағып кетіп, келесі күні ол ауруханада көз жұмды.
Дереккөз: BAQ.KZ