Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күні қарсаңында мәдениет және ғылым қайраткерлеріне мемлекеттік сыйлықтарын тапсырды, деп хабарлады агенттіктің тілшісі.
Атап айтқанда, мұндай мемлекеттік наградаға «Қарақат» мектеп студиясының бас директоры Қарақат Әбілдина, «Мюзикола» дуетінің солисі Карина Абдуллина, әртіс Нұрлан Әлімжанов, «Астана балет» хореографиялық ұжымының бас балетмейстері Алила Әлішева, «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» ҰАҚ бас директоры Ерлан Бекқожин лайықты деп танылды.
Сонымен қатар "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» АҚ балет әртісі Таир Гатауовқа, «Ақмола облыстық филормониясы» МКҚК К. Күмісбеков атындағы халық аспаптар оркестрінің дирижері Дәурен Ғылымовқа, «Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» ММ-нің профессоры Смағұл Елубаевқа, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулетке, сондай-ақ «Қазақ Ұлттық өнер университеті» ММ доценті Сембек Жұмағаливке тапсырылды.
Бұған қоса аталған мемлекеттік наградамен «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет тетары» АҚ балет әртісі Сержан Қауқов, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ актрисасы Венера Нығматулина, «Орталық мемлекеттік кино құжаттар және дыбыс жазбалар мұрағаты» РММ директоры Алла Сейітова, Қазақстан дизайнерлер одағының президенті Тимур Сүлейменов, «Қ. Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» РМК драма тобының жетекшісі Ялкуньжан Шамиев марапатталды.