Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Олжас Омарұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Ядролық қаруға қарсы қозғалысты дамытуға және халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Олжас Омарұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының 2013 жылғы Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілсін», - делінген жарлықтың мәтінінде.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА