
"Қазақстан қағазы" бүгінгі тексеріс компанияның "қаржы жымқырды" деп айыпталған бұрынғы директорларының ісімен байланысты деп санайды.
20 қарашада Лондон жоғарғы соты компанияның бұрынғы акционерлері әрі директорлары Мақсат Әріп пен Бағлан Жүністің 100 миллион АҚШ доллары болатын активтерін бұғаулауға шешім шығарған еді.
"Қазақстан қағазы" тексеріс "жеке бас мүддесі тұрғысынан жасалып жатқанын көрсетеді" деп, Қазақстан билігін компанияның бұрынғы басшыларының үстінен берген шағымы мен қарсы әрекеттерін ескермей, заң бұзып отыр деп айыптайды.
"Қазақстан қағазы" компаниясы Лондон қор биржасына тіркелген. Компания қайта өңделген шикізаттан қағаз бен қаптама шығару жөнінен Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші логистикалық оператор.
Дереккөз: Азаттық радиосы
12 желтоқсан 2013, 15:04