Атырау, 24 қараша 13:43
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркістанда 2013 жылдың соңында қажыға барушыларға арналған орталық ашылады

1 530 просмотра

АСТАНА,  12 жел  –Қазақстан жаңалықтары АА. Түркістанда 2013 жылғы желтоқсанның соңында қажыға барушыларға арналған орталық ашылады деп мәлімдеді Оңтүстік Қазақстан облысы  әкімі Асқар Мырзахметов.

Өңір басшысының мәліметінше, жыл сайын орташа алғанда Түркістанға 600 мыңға жуық турист келеді.

«Туристердің негізінен діни ниетпен келетіні түсінікті, сондықтан кез-келген  турист қонақүйге орналасуға мүмкіндігі жоқ, әдетте олар кесененің маңындағы жекеменшік үйлерді алады.  Сондықтан, осы жағдай ескеріліп, олар орналасып, өркениетті түрде құрбандық шалатын орталық салу шешімі қабылданды», - деді  Мырзахметов бейсенбіде орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Мырзахметов атап айтқандай, орталықта сонымен қатар келуші дін туралы мәлімет алатын, атап айтқанда  «дәстүрлі дін дәстүрлі емес ағымдардан несімен ерекшеленетіні туралы біле алатын» кітапхана орналасады.

Дереккөз: newskaz.kz

12 желтоқсан 2013, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.